Соңғы тәулікте КВИ жұқтырғандар саны айтарлықтай азайған
Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 28 адам тіркелді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 3 сәуірдегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 3 сәуірдегі ақпарат
3 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 802 адам коронавирус инфекциясынан (–1 623+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 623 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр