Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Петропавлда Қазақстанның билігін мойындамай, үй ішінен үй тіккен топ анықталды

"Жұмысшылардың халық кеңесі" мүшелерінің мәлімдемесінен кейін Бас прокуратура тергеу бастады

Новости Казахстана / Петропавлда Қазақстанның билігін мойындамай, үй ішінен үй тіккен топ анықталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жұмысшылардың халық кеңесі" мүшелерінің Қазақстанды қабылдамау және Қазақ КСР-ге оралу туралы мәлімдеме жасаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде кейбір "белсенділер" Қазақ КСР-ның 1937 жылғы Конституциясы негізінде "Жұмысшылардың халық кеңесі" құрылғанын жариялағаны туралы видеолар мен хабарламалар пайда болды. Сонымен қатар, видеода жиналғандар Қазақстан Республикасын "корпорация" деп атап, түрлі қастандық теорияларын алға тартады. Бұл халық наразылығын тудыруда. Осыдан кейін ҰҚК департаменті тергеу бастады.

2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті әлеуметтік желілерде "Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі" ("Народный совет трудящихся города Петропавловск") құрылғаны жөніндегі бейнероликті орналастыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша (БАҚ пайдалана отырып адамдар тобымен сепаратизмді насихаттау) соталды тергеп-тексеру бастады, - делінген хабарламада.

Осы күні облыстық Полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылған.

Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды. Соталды тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды, - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жарияланбайды. Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.



Следующая →