Соңғы тәулікте КВИ жұқтырғандар біршама азайған
Кейінгі тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 30 адам тіркелсе, пневмониямен науқастар тіркелген жоқ
Фото:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 20 наурыздағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
20 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 781 адам коронавирус инфекциясынан (–1 609 + және 172 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 646 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр