Өскемендегі сарбаздар өз таңдауын жасап, дауыстарын берді
Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің сарбаздары сайлауға қатысты
Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сайлаудың міндетті талаптарының бірі – дауыс беру рәсімі. Осы рәсімге Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімінің 800-ден астам сарбазы қатысып, өз таңдауларын жасады.
Бүгін мен сайлауға қатысып, еліміздің болашағы үшін, өзімнің болашағым үшін таңдау жасадым. Мәжіліс – заң шығарушы орган болғандықтан, халық үшін қолайлы, тиімді заңдарды реттеп, шығарып отырады, ал мәслихат біздің өңірдегі әлеуметтік, қоғамдық-мәдени мәселелердің шешілуін қадағалайды. Сондықтан бұл сайлау арқылы менің ғана емес, мені қоршаған қоғамның, өлкемнің болашағы құрылады, – деді қатардағы жауынгер Мұқайұлы Даулет.
Айта кету керек, 27943 әскери бөлімінің сарбаздары №58 жабық сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал әскери бөлімде қызмет ететін офицерлер мен сержаттар өздерінің тұрғылықты жері бойынша сайлауға қатысты.