Сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға болмайды
Мұғалімдер мен оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынды
Фото:
depositphotos.com
Бұл туралы "Ашық" НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген.
Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды, - делінген бұйрықта.
Бұйрық 28 наурызға дейін көпшіліктің жария талқылауында болады.