Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сот ауыр атлет Денис Улановтың арызын қанағаттандырды

Жерлесіміз Денис Уланов Мәдениет және спорт министрлігіне қарсы арызданған болатын

Новости Казахстана / Сот ауыр атлет Денис Улановтың арызын қанағаттандырды

Бүгінгі күні сол арыз бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE halyq-uni.kz порталына сілетеме жасап.

2016 жылы Бразилияда өткен XXXI Жазғы Олимпиялық ойындарда Денис Уланов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орын алғанда оған 30 мың доллар сыйақы төленген еді.

Айта кетсек, допинг дауына байланысты Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген Г. Синкраян жарыстан шеттетілген соң, 3-орын ресми түрде Денис Улановқа берілген болатын. Қазір ол Олимпиаданың қола жүлдегері болып саналады.

2021 жылы 9 тамызда Олимпиададағы жүлдесінің көбеюіне байланысты Денис Уланов Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ақшалай сыйақы мөлшерін қайта қарау туралы сұрау салды. Ал Олимпиададағы 3-орын үшін 75 мың доллар қарастырылған. Сөйтіп, спортшы өзіне тиесілі тағы 35 мың долларды алғысы келгенде нормативтік-құқықтық актілер болмағандықтан оған тиісті сома төленбеген.

Осылайша, Спорт комитеті 2021 жылы 20 тамызда негіздердің болмауына байланысты спортшыға сыйақы мөлшерін қайта қараудан бас тартты. Ал сот Денис Улановтың арызын ескере отырып, оның талабын орындау туралы шешім шығарды. Бірақ аталған ведомство шешімге қарсы шағым жасады.

Аталған істі қарау бір жылдан аса уақытқа созылды. Соның нәтижесінде Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы сыйақыны қайта қараудан бас тартуды заңсыз деп тапты. Енді Уланов өзіне тиесілі 35 мың долларды алатын болды.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 10 наурыздағы шешімі, Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 31 мамырдағы осы іс бойынша қаулысы күшінде қалсын. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын, - делінген Жоғарғы соттың қаулысында.


Следующая →