Кей студенттердің жатақхана шығынының жартысын Үкімет төлейді
Үкімет жетім және мүгедек студенттер үшін жатақхана құнының жартысын төлеп бермек
"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидалары туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Мемлекет білім алу кезеңінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға арналған шығыстарды ішінара өтейді, - делінген "Ашық" НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында.
Айта кетейік, қолданыстағы ережеге сәйкес, аталған санаттағы білім алушылардың ішінара шығыны мемлекет тарапынан өтелмейді. Сонымен қатар, енді жоғары оқу орындарында оқитын жетім және мүгедек баралардың жатахана шығыстарының 50%-ын Үкімет жабады.
Мемлекет көрсетілген санаттағы азаматтарға жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін 29 айлық есептік көрсеткіштен (96 600 теңге) аспайтын тұру құнының 50 пайызы мөлшерінде шығыстарды өтейді, - деп өзгеріс енгізілген қаулыға.
Құжат 28 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.