Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Экс-министр 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты сот шешімі шықты

Новости Казахстана / Экс-министр 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Еске салайық, былтыр 21 ақпанда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол туралы Бас прокуратура хабарлаған еді, деп хабарлайды Устинка LIVE BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұрат Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 24.02.2023 жылғы үкімімен сотталды. Оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлады соттан.

Аталған қылмыстық істің "құпия" түрде қаралуына байланысты сот толық ақпарат бере алмады.

Биыл қаңтарда экс-министр Мұрат Бектановтың заңсыз бұйрық бергені анықталды.

Тәртіпсіздікке қатысқандар, әсіресе, Алматыда саны жағынан басым болған. Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Соның салдарынан қылмыскерлер қолынан адамдар қаза болған, қалалар тоналған және өртелген. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталып отыр (ҚК-ның 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды, - деген еді Бас прокуроры Берік Асылов.

Следующая →