Өрт шыққанда пәтерде ешкім болмаған
Бүгін Өскемен қаласында Назарабаев даңғылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты
Өрт 5-қабаттағы пәтерде тұтанған, деп хабарлайды Устинка LIVE ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетіп, 10 ш.м. аумақты шарпыған жалынды сөндірді. Пәтер ішіндегі жиһаз, жеке заттар жанып жатқан. Алайда сол сәтте пәтер ішінде ешкім болмаған.
Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт өрт қауіпсіздік шараларының сақталмауынан орын алып отыр, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер бұндай оқыс жағдайлар көбінесе электр жабдықтарындағы ақауларды дер кезінде жөндемегендіктен орын алатынын жиі айтады.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.