Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
516.01
+1.51
582.47
-0.20
¥
71.3
+0.01
6.26
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталды

Жеке тұлғалар eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында банкроттық өтінім бере алады

Новости Казахстана / Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталды
Фото:
редакция мұрағатынан

Қызмет соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану және тоқтату туралы өтініш беруді көздейді, деп хабарлайды Устинка LIVE Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" ҚР Заңына сәйкес eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады.

Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін:

  • ҚР-ның жоғарыда аталған Заңында көзделген азаматты банкрот деп тану туралы соттан тыс арыз беру шарттарының сақталуын растау;
  • некеде болу жағдайында жарының ЖСН-ін көрсету;
  • несиелер бар қаржы институттары туралы мәліметтерді толтыру;
  • салық органын көрсету және құжаттардың көшірмелерін қосу;
  • АӘК алушы болса, белгі қою;
  • егер міндеттемелерді орындау мерзімі 5 жылдан астам болса, белгі қою;
  • өтінішке бір реттік құпия сөз немесе ЭЦҚ арқылы қол қою;
  • өтінішті жібергеннен кейін өтініш берушінің жары Жеке кабинетте өтінішті мақұлдайды.


Қызмет нәтижесі 15 жұмыс күні ішінде Жеке кабинетте шешімге сілтеме түрінде пайда болады. Шешімді ҚР ҚМ сайтынан қарауға болады. Соттан тыс банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады.

Следующая →