Өскемен
ясно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -10°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -2°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    -10°
  • Шымкент
    +3°
$
524.02
+1.39
545.19
-3.47
¥
71.82
+0.08
5.09
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Желтоқсанда Бұқтырмада мұзға түсіп кеткен көлік иесіне қатысты сот үкімі шықты

Қыста Самар ауданындағы Бұқтырмада мұзға түсіп, бір адам қаза болған көлік оқиғасына қатысты сот үкімі шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Желтоқсанда Бұқтырмада мұзға түсіп кеткен көлік иесіне қатысты сот үкімі шықты
Фото:
depositphotos.com

Естеріңізге сала кетейік, 6 желтоқсанда Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік суға батып кеткен болатын. Көлікте бес адам болған. Олардың төртеуі көліктен шығып үлгерсе, ал 1950 жылы туған әйел адам суға батып кеткен еді. Анықталғандай, ол кезде мұз үстімен жүруге тыйым салынған болатын.

Күні кеше Самар аудандық соты көлік иесіне қатысты істі қарады.

ҚК-ның 345-бабының 3-бөлігі санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. ҚК-ның 55-бабына сәйкес, жазаны жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, сот бас бостандығынан айыруды 2 жыл 6 айдан аспайтын мерзімге тағайындауға міндетті, - делінген Шығыс Қазақстан облысы Самар аудандық сотының баспасөз қызметі хабарламасында. - Жәбірленушінің пайдасына материалдық шығын мен моральдық зиян өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.




Следующая →