1 наурызда бүкіл Қазақстан бойынша дабыл іске қосылады
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі республика бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі тексерілетіндігін ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ведомство мәліметінше, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 1 наурыз сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.
Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету - тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы. Құлақтандыру жүйесін тексеру кезінде электр дабылдарын және сиреналық сөйлеу құрылғылары (дауыс зорайтқыштары) қысқа мерзімге қосылады, сонымен бірге теледидар және радиоарналарының эфирі ұсталады, интернет-ресурстар мен мобайл қолданбаларда ақпарат орналастырылады, - делінген хабарламада.
"Баршаның назарына!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі.
Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.