Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ертістің ортасында жүрген жеткіншектер құтқарылды

Павлодар облысында мұз үстінде жүрген бес бала өзеннің ортасына дейін кетіп қалған

Новости Казахстана / Ертістің ортасында жүрген жеткіншектер құтқарылды
Фото:
Константин Шелковтікі

Оларды құтқарушылар дер кезінде байқап, алып шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құтқарушылар мұздың үстінде жүрген балаларды орталық жағалауда патрульдеу кезінде анықтаған.

ҚР ЖТМ Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шерияздановтың айтуынша, олар Ертіс өзенінің ортасына қарай жетіп қалған.

Бұл өте қауіпті. Күн жылына бастағаннан бері мұздың үстіндегі қар ери бастады. Қардың еріген суы мұзға сіңіп, мұздың құрылымы өзгереді де сынғыш болады. Қалыңдығы елу сантиметр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмауы мүмкін, - дейді Серік Шериязданов.

Балалар 2008, 2010, 2009 және екеуі 2011 жылғы. Жеткіншектермен мұздың қауіптілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Құтқарушылар көктемнің келуімен мұздың үстіне шығу өте қауіпті екенін ескертеді.



Следующая →