Түркістанда жаңбыр тоқтағанымен, су ағыны басылмай тұр
ТЖД министрі Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді
Жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды, деп деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдары тәулік бойы эвакуация жүргізді. Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді.
200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді, - делінген мекеменің баспасөз қызметі ақпаратында. - Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді.
Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, "жедел желі" жұмыс істейді.