Зайсан ауданында балалар арасында тай жарысы өтті
Оқушылар арасындағы тай жарысқа ата-аналар демеушілік жасаған

Ауыл шетінде жарыс үшін арнайы жол дайындалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Зайсан ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Зайсан ауданындағы Қаратал орта мектебінде тай жарысы ұйымдастырылды, - делінген әкімдік ақпаратында. - Оған оқушылардың ата-аналары демеушілік жасап, қолдау көрсеткен. Жарысқа 20 оқушы қатысты. Ауыл шетінде тай жарысына арнайы жол дайындалды.
Озып келген шабандоздар марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Тай жарысы ықылым заманнан келе жатқан балалардың сүйікті ойындарының бірі. Тайға ер-тоқым салынбайды, бала жайдақ мініп шабады. Бұл тек ойын ғана емес, баланы жастайынан қоғамдық өмірге, еңбекке тартып, шаруашылық жағдайымен ерте танысуға, жылқы малын танып, білуге баулиды және шыдамдылыққа тәрбиелейді. Жылқыға отырған баланың омыртқасы мен арқасы түзеледі. Координациясы жақсарады. Шағын моторикасы дамиды.