Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды

2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарының да кезектен тыс сайлауы өтетін болды

Новости Казахстана / Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды

Орталық сайлау комиссиясы қаулы жобасын қабылдады.

Сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды және бұл сайлау мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. Осылайша, ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес, бүгінгі күннен бастап Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны басталды, - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР ОСК бүгінгі отырысында.

ҚР "Сайлау туралы" конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ОСК төрағасы тиісті жарлығы негізінде тағайындайды.

Осыған байланысты мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауды науқан өткізудің жекелеген ұсыну, тіркеу, үгіт жүргізу кезеңдерін біріздендіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауымен бірге өткізу, яғни 19 наурызға тағайындау ұсынылады, - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары қамтамасыз етеді.

Следующая →