Әскери бөлімге барып, сарбаздардың жағдайын тексерді
Елімізде "Аналардың жүрегі" деп аталатын сарбаздардың аналарынан тұратын комитет құрылған
Енді Абай облысының Курчатов қаласында да бұл комитеттің ресми өкілдері жұмысын бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Комитеттің Абай облысындағы ұйымның жетекшісі Айжан Мусатаева Курчатов қаласындағы №3514 әскери әскери бөлімге барып, сарбаздардың жағдайымен танысты.
Әскери бөлімде былтыр әсерге шақырылған сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп жатыр. Олардың басым бөлігі – Шығыс Қазақстан облысынан.
Аналар комитетінің өкілі сарбаздардың тұрмысымен және психологиялық көңіл-күйімен танысты. Айжан Мусатаева казармадағы жағдайды, асханадағы ас мәзірін тексерді, - деп жазылған Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы таратқан хабарламада.