Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әскерге кеткендер несиесін уақытша төлемейді

Әскерге шақырылған азамат несиесін 13 айдан кейін төлей алады

Новости Казахстана / Әскерге кеткендер несиесін уақытша төлемейді

Қазір мерзімді әскери қызметке шақырылатын және мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген азаматтардың несиесін кейінге қалдыру мәселесі жиі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашев айтты.

Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былтыр 5 желтоқсанда меморандумға қол қойды. Соған сәйкес, іс-қимыл алгоритмі бекітілді және қазір бұл бағытта толыққанды жұмыс жүргізіліп жатыр. Енді әскери қызметке шақырылған немесе оны өткеруші азаматтарға әскери бөлім ұсынған анықтама арқылы екінші деңгейлі банктер алдындағы олардың несиесі кейінге қалдырылады. Бұл уақыт 13 ай деп көрсетілген. Өйткені, әскери міндетті өтеу мерзімі – 12 ай. Ал қосымша 1 ай әскерден келгеннен кейін жұмысқа орналасуы үшін беріледі, – деді аға офицер Руслан Тапашев.

Следующая →