Жастарға арналған баспана бағдарламасы тағы 10 өңірде енгізіледі
Биыл жыл соңына дейін осындай бағдарламаларды 10 өңірде әзірлеу жоспарланған
Алайда нақты қай өңірлерде екені аталмады.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жастарды баспанамен қамту жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жастардың тұрғын үй мәселесін шешу бойынша нақты жұмыстар жалғасады. Қазір өңірлік тұрғын үй бағдарламалары 6 өңірде іске қосылды. Биыл жыл соңына дейін осындай бағдарламаларды 10 өңірде әзірлеу жоспарланған, - деді Дархан Қыдырәлі министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.