Алматы – Өскемен тас жолында көлік апаты болды
Жеңіл көлік пен автогрейдер соқытығысып, салдарынан 2 адам көз жұмды
![Новости Казахстана / Алматы – Өскемен тас жолында көлік апаты болды Новости Казахстана / Алматы – Өскемен тас жолында көлік апаты болды](/upload/iblock/133/qoy4z52yt0ylvakc316d0azb1hx690y0/imgonline_com_ua_Resize_hyMAfVZSFgEgwVJZ.jpg)
Hyundai Accent жеңіл автокөлігі мен автогрейдердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы 11 қаңтарда Сарқан ауданында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Алматы – Өскемен автожолының 448 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Accent көлігінің 50 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел қаза тапты, – деп хабарлады облыстық ПД ППБ 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.