Өскеменде жас журналистерді дайындайтын үйірме ашылды
Болашақта тілші болуды қалайтын оқушыларға О. Бөкей атындағы қалалық кітапхана жақсы мүмкіндік ұсынып отыр
"Жас тілші" үйірмесіне келушілерге "Менің өлкем" облыстық газетінің редакторы Талғатжан Мұхамедиев тәлімгерлік етіп, журналистиканың қыр-сырын үйретпек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ескере кеткен жөн, үйірмеге қатысу тегін.
Өзекті мәселелерді өткір қозғап, жамандыққа қарсы, жақсылыққа жаршы болатын журналист болуды армандайтын 9-11-ші сынып оқушылары мен студенттер қатыса алады. Дәрістер аптасына екі уақыт жүреді: сейсенбі және бейсенбі күндері (сағат 14.30-да).
Толық ақпаратты 8 747 746 4982 нөмірі бойынша анықтауға болады.