Өскемен және Шүлбі ГЭС-теріне қатысты Үкімет қаулысы шықты
ШҚО-дағы "Өскемен" және "Шүлбі" гидроэлектр стансаларының мемлекетке тиесілі үлестері "Самұрық-Қазына" қорына берілетін болды
Бұл туралы Үкіметтің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"АЭС Өскемен ГЭС" және "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің мемлекеттік үлестері ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының оң салалық қорытындысын алған жағдайда "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін, - жеп жазылған құжат мәтінінде.
Аталған қаулыны іске асыру үшін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылдауы керек.
Құжатта осыған байланысты Үкіметтің бұған дейін қабылданған кейбір шешімдеріне түзету енгізілетіні де айтылған.