Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жол жөндеу құнын енді адам емес, арнайы бағдарлама есептейді

Бұл жаңа жүйе сыбайлас жемқорлықтың жолы кесуге көмектеседі

Новости Казахстана / Жол жөндеу құнын енді адам емес, арнайы бағдарлама есептейді
Фото:
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінен

"ҚазжолҒЗИ" АҚ мамандары жол жөндеу бойынша бағаларды есептеу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін "цифрлық сметалық жүйені" құруда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің тапсырысы бойынша «ҚазжолҒЗИ» АҚ мамандары республикалық маңызы бар қалалық жолдар мен автомобиль магистральдарын күтіп ұстауға, ағымдағы және орташа жөндеуге арналған бағаларды есептеу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін «цифрлық сметалық жүйені» құруды жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Dorsmeta бағдарламасы есептеулерді нақтылауға, белгілі бір жұмыстарды орындау құнын анықтайтын қаржылық құжаттарды дайындауды жеделдетуге арналған. Тағы бір маңыздылығы – тапсырыс берушілердің немесе жол жөндеу мердігерлерінің есеп айырысу кезінде адами факторды болдырмауы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуы.

Бұған дейін орташа жөндеу бойынша сметалық құжаттама қолмен жасалатын. Әр маман ондаған арнайы жинақты қарап, бағаларды енгізуге мәжбүр болатын. Бұл біріншіден ұзақ, екіншіден сенімсіз. Себебі, қателіктер кетіп қалу ықтималдығы жоғары. Көптеген стандарттары бар автоматтандырылған есептеу жүйесі үлкен қателіктердің алдын алуға септігін тигізеді. Мысалы, бір артық сан енгізіліп кетсе, бағдарламаның интерфейсі бірден қателікті көрсетеді, – дейді "ҚазжолҒЗИ" АҚ-ның инженер-сметашысы Жайна Самажанова.

Аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстар 2019 жылдан бастап жүргізілуде, жобаны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарда бар.

Следующая →