Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ойын-сауық контенттің өсуіне байланысты интернет сапасы нашарлаған

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді

Новости Казахстана / Ойын-сауық контенттің өсуіне байланысты интернет сапасы нашарлаған

Министр Бағдат Мусин елімізде интернет сапасы не себепті нашарлағанын Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында түсіндірді, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Интернет сапасы төмен деген шағымдар көп. Оны біз мойындаймыз! Бірақ кейбір факторларға тоқталғым келіп отыр. Қазіргі уақытта цифрлық экономиканың, ойын-сауық (TikTok, Youtube) контенттің өсуі, бизнестің виртуальды кеңістікке шығуы, яғни экономикалық іс-әрекет платформалық модельге өтуіне орай, интернет траффикті пайдалану қарқыны едәуір өсіп келеді. Пандемия кезінен бастап, бұл көрсеткіш 800 петабайтқа жетті, - деді Бағдат Мусин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, Халықаралық телекоммуникация одағының (ITU) мәліметі бойынша былтыр бүкіл әлем бойынша интернет пайдаланатын адамдардың саны 4,9 миллиардтан асты. Ал дәл осы уақыттта елімізде интернет пайдаланушылардың саны 90,9 пайызды құрады.

Интернет пайдаланатындардың саны ғана емес, сонымен бірге олардың ғаламторға кіріп отыратын уақыты да өсіп келеді. Аталған факторлар байланыс инфрақұрылымына түсетін салмақтың артуына басты себеп болып тұр, - деді министр.

Қазіргі таңда базалық станцияларды көбейту жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ халық наразы.

Біз базалық станцияларды көбейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өз кезегінде бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болған радиофобия проблемасын атап өту қажет. Біздің мемлекетте де осындай топтардың базалық станцияларды демонтаждау салдарынан байланыс сапасының күрт төмендеуіне себеп болды. Яғни, бұл мәселені түбегейлі шешпей, байланыс сапасын жақсарту мүмкін емес. Атап айтқанда, тұрғындар базалық станция денсаулыққа зиян келтіреді деп шағымданады. Осыдан кейін операторлар бұл құрылғыларды басқа жерге орнатуға кіріседі. Осы кезде базалық станцияның жұмысы тоқтап, байланыс сапасы төмендейді. Бұл өз кезегінде басқа үйлерде тұрған базалық станцияларға қосымша жүктеме түсіреді, - деді ведомство басшысы.




Следующая →