Өскемен
Бұлтты
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Семей
    +10°
  • Алматы
    +22°
  • Риддер
    +8°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +20°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +24°
  • Түркістан
    +28°
  • Орал
    +19°
  • Шымкент
    +26°
$
481.54
-0.99
553.24
-2.20
¥
69.69
-0.14
5.93
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталары шығады

Қазақстан Ұлттық банкі TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ

Новости Казахстана / TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталары шығады
Фото:
ҚР ҰБ

Монеталардың қашан сатылымға шығатыны белгісіз, деп хабарлайды Устинка LIVE. Бұл туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша жарияланады.

TOǴYZQUMALAQ – ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілген қазақтың ең көне ұлттық ойындарының бірі.

Монеталар реверсі дизайны ежелде қолданылған ойын тақтасы сияқты жасалған, - делінген мекеме таратқан ақпаратта. - Күмістен жасалған монеталарда TOĠYZQUMALAQ жазуы және соғылған жылдың сандық белгісі алтын жалатылған ойын шарлары түрінде жасалған. Монетада 162 шар бейнеленген. Ойында да осы сан пайдаланылады. Монета реверсінің ортасында ою-өрнек орналасқан. Бұдан бөлек, дайындалған металды, сынамасын және массаны білдіретін жазулар бар. Монеталардың аверсінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы ою-өрнек жолағымен көмкерілген. Елтаңбаның айналасында мемлекеттік тілде және ағылшын тілінде QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY және REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазулары, ҚҰБ логотипі мен монеталардың номиналы белгіленген.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банктерінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.



Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ҚР Ұлттық банк Коллекциялық монета TOǴYZQUMALAQ