18 жасқа дейінгі балаларға үкіметтен төлем қашан беріле бастайды?
Әлеуметтік желіде, WhatsApp мессенджерінде «Халық банктен» баланың атына қосымша арқылы есепшот ашқандарға үкіметтен 50 мың теңге беріледі деген ақпарат тарай бастады
Хабарды таратушылар бұл ҚР Президентінің жарлығы негізінде беріліп жатқан ақша екенін алға тартуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Есеріңізге сала кетейік, қыркүйек айындағы халыққа жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі 18 жасқа дейінгі әр балаға ұлттық қордан қаржы аударылуы керектігі туралы айтқан. Бірақ мемлекет басшысы үкіметке бұл жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыруды тапсырған.
Демек халық арасында тарап жатқан ақпарат – фейк. Хабарламада есепшот ашқандарға 50 мың теңгеден түсіп жатқандығы айтылады.
Кімнің баласы 6 жастан 16 жасқа толмаған сол аналар Халық банк приложениесынан балаларға шот ашыңыздар! Қалай шот ашасыздар, сразу 50 мыңнан ақша түседі. Ол ақшаны шеше алмайсыздар, ол Тоқаевтың жарнамасы. Жаңағы 18 жасқа дейін ақша бөлінеді деді ғой сол ақша түсіп жатыр. 6 жастан 16 жастқа дейінгі қаншама балаларыңыз бар соның атына полный шот ашыңыздар. Өз телефоныңыздағы приложение арқылы шотты ашып, балаларыңызға ақша түсіріңіздер. Түсіп жатыр, - делінген аудио арқылы тараған хабарламада.
Бұл жалған ақпарат екенін «Халық банк» қызметкерлері растады.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпарат, - деді банк менеджері.
Осы орайда айта кетейік, Ұлттық қордан бөлінетін қаржы қайда аударылатындығы Үкімет отырысында белгілі болды.
Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның бірыңғай операторы - Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов
Яғни, 18 жасқа дейінгі балалар үшін Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорынан арнайы жинақтаушы шоттар ашылып, жыл сайын қаржы түсіп отырады.
Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" анықталды, - деді Тимур Жақсылықов.
Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда.