ШҚО әкімі Риддердегі жағдай тұрақталғанын айтты
Бесінші қазандық бір аптадан кейін пайдалануға беріледі
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Үкімет үйінде өткен кеңейтілген отырыс кезінде айтты.
Риддердегі ЖЭО-да алты қазандық бар, оның үшеуі орташа, екеуі жоғары қысымды. Оның үстіне осы алты жоғары қысымды қазандықтың екеуі жарамсыз күйде болды, оларда кабельдік және сым бұйымдары, басқару және автоматтандыру жүйелері мүлде жоқ. Қалған төрт қазандық, өкінішке қарай, ең нашар жағдайда болды, - деді Даниал Ахметов.
Ол күрделі шаралар қолға алынғанын, түрлі құрылымдардың 150-ден аса қызметкері тартылғанын айтты.
Бүгінде жағдай тұрақталды, оның үстіне мен айтқан екі қазандық ішінде төртінші жоғары қысымды қазандық іске қосылды. Бесіншісі бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз, бір аптадан кейін пайдалануға беріледі. Сондықтан жағдайы, былай айтқанда, бүгінде теңгерім бар, Риддер қаласын жылумен қамтамасыз ететінімізді нақты білеміз, - деп қосты Ахметов.