Елімізде елді қанаумен айналысқан 6 адам іздеуде
Ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан топтың мүшелеріне іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі осыған дейін ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатқан болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE агенттік ақпараттарына сүйеніп.
Сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Елдос Қоспаев, сондай-ақ оның сенімді адамдары Ерлан Имашев пен Руслан Шалинге іздеуге жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады, - делінген агенттік хабарламасында. - Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталды – Айдос Қоспаев, Оксана Кудряшева және Алексей Кузнецов. Бұл адамдар да іздеуде.
Іздеудегі адамдардың қайда екенін білетін болсаңыз, ҚМА сенім телефонына хабарласыңыз. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы, ал құпиялылыққа кепілдік беріледі.
ҚР ҚПК 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.