"АрселорМиттал Теміртау" зауытында тағы бір адам қаза тапты
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Устинка LIVE компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, биыл бұл кәсіпорында бірнеше рет апат болды. Мәселен, 28 қарашада "АрселорМиттал Теміртаудың" өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар, 3 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.