Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 99 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

ШҚО-да "Жер аманаты" комиссиясының кезекті отырысында Тарбағатай, Глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Самар аудандарындағы заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылған жұмыстар қаралды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 99 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жоғарыда аталған аудандардың әкімдері пайдаланылмаған және ҚР заңнамасын бұза отырып заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


"Жер аманаты" комиссия отырысының №3 хаттамасының 5.1-тармағын орындау бойынша бүгінгі күні облыс бойынша ерікті түрде бас тарту және жалдау мерзімінің аяқталуы жолымен 99 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды. Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірігіп, жер заңнамасын бұза отырып берілген және пайдаланбайтын жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда, - деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті ШҚО Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Сейсенғазы Чукаев.

Отырыс қорытындысы бойынша берілген жоспарды орындамаған партия мүшелеріне – аудан әкімдеріне қатысты партиялық шаралар қолдану үшін материалдар партиялық бақылау комиссиясына жіберу тапсырылды.


Шара соңында "Жер аманаты" комиссиясының 2022 жылғы жұмысының қорытындылары мен 2023 жылға арналған міндеттері туралы комиссия төрайымы Сайрангүл Жұмаділова баяндады.

Следующая →