Шығысқазақстандық семсерші әлем чемпионатында алтын алды
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында 2-4 желтоқсан аралығында жасөспірімдер арасында семсерлесудің екі түрі бойынша әлем кубогы өтті
Ерлер шпагасынан және әйелдер арасында рапирадан өткен жарыстың алғашқы күнінде-ақ семсерлесуден жерлесіміз Богдан Лукин әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.
Жартылай финалда мысырлық Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтқан Богдан финалда жарыс қожайыны өзбекстандық Тимуров Мейірханмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.
Келесі күні командалық есепте ҚР құрамасы үшінші орынға ие болды. Жартылай финалда біздің жігіттер жарыс жеңімпаздары – Мысыр құрамасынан ұтылды. 3-ші орын үшін Қырғызстан құрамасымен кездесіп, 45:32 есебімен жеңіске жетті.
Богдан Лукин 2014 жылдан бері семсерлесу спортымен айналысып келелді. Алғашқы жаттықтырушысы Щелоков Геннадий Афанасьевич. Богдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем, Азия, ел біріншілігінің сонымен қатар 2022 жылы Парижде өткен гимназиаданың жеңімпазы және жүлдегері, - делінген ақпаратта.