2023 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге болады
Тоқаев 2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті
Фото:
редакция мұрағатынан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Заңға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгеріс енгізіледі:
- ең төменгі жалақы мөлшері – 70 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;
- ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.