Абайдың алғаш жарық көрген кітабы табылды
Оны осы уақытқа дейін Павлодар облысының тұрғыны сақтап келген
Ертіс ауданындағы ардагер ұстаз Нұрболат Әбутәліпов Абайдың алғашқы кітабын музейге сыйға тартқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Халық үніне сілтеме жасап.
Павлодарда Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде Абай Құнанбайұлының алғаш рет жарыққа шыққан кітабының таныстырылымы болды.
Кітапты Нұрболат Әбутәліпов музейге сыйға тартқан. Ал өзіне атасынан қалған.
Бұл кітап – Абай Құнанбайұлының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында басылып шыққан ең алғашқы жинағының бір данасы. Кітап ақын дүниеден өткеннен 5 жылдан кейін жарық көрген, - дейді музейдің директоры Ербол Қайыров.