Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО тұрғыны есірткіні бөтелкеде және газетке орап сақтаған

Самар ауданының тұрғынынан 44,19 грамм кептірілген марихуана табылған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО тұрғыны есірткіні бөтелкеде және газетке орап сақтаған
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

"Рефлекс" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Самар ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері есірткі затын сақтады деген күдікпен 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


Жедел тінту кезінде полицейлер қоңыр түсті затпен екі бөтелкені, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат оралған полимерлі буманы және құрамы соған ұқсас зат оралған қағаз бумасын тауып алып, тәркілеген, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.


Сараптама көрсеткендей, ұсталған азаматтан алынған заттар салмағы 44,19 грамм кептірілген марихуана болып шыққан.


Осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аталған қылмыс үшін 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын жүргізу не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО ПД "Рефлекс" ЖПШ