Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мәжіліс қазақы төбет пен тазыны көбейту туралы заң жобасын мақұлдады

Заң жобасы мақұлданып, Сенат қарауына жіберілген

Новости Казахстана / Мәжіліс қазақы төбет пен тазыны көбейту туралы заң жобасын мақұлдады

Аталған заң жобасын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қаражат керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйақылар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін көбейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Парламент Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әмірхан Рахымжановтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілеу.

Сондай-ақ, заң жобасында мемлекеттік саясатты іске асыру, иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту, иттердің ұлттық тұқымдарының есебін жүргізу бойынша мониторингті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті белгіленген, - деді комитет мүшесі.

Следующая →