Өскемен
Қалың бұлтты
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Семей
    -8°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -6°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    -1°
  • Ақтау
    +2°
  • Атырау
    -3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -1°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -7°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Шымкент
    +4°
$
499.83
+1.74
581.5
+4.16
¥
72.47
+0.28
6.42
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО ТЖД өртте зейнеткерді құтқарған белгісіз қаһарманды тапты

Өскеменде жеке тұрғын үй өртеніп, оның иесін белгісіз куәгер құтқарып қалған еді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО ТЖД өртте зейнеткерді құтқарған белгісіз қаһарманды тапты
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен

Бажов көшесіндегі жер үйден шыққан өртті байқаған белгісіз ер адам терезеден кіріп, өрт зейнет жасындағы әйелді алып шыққанын жазған болатынбыз, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД белгісіз қаһарманды тапты. Ол Андрей Ильенков болып шықты.

7ac6cb01-9c3c-4bdc-83f6-b3149c5b648e.jpg

Ол өртті бірінші болып көріп, көрші тұратын Николай Соломаевты оятқан, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Олар бірге жанып жатқан үйдің терезесін сындырып, түтін басқан бөлмеде ұйықтап жатқан үй иесін тауып, оның шығуына көмектескен. Осылайша оның өмірін сақтап қалды.

Ал Андрей құтқарушылар келгенше өзі туралы еш дерек қалдырмастан кетіп қалған көрінеді. Бірақ ШҚО ТЖД өзгенің өміріне бейжай қарамай, басын қауіпке тіккен ер адамды іздеп тапты.

35 жастағы Андрей "Жөндеу - монтаждау компаниясы" ШҚ ЖШС-да жұмыс істейтін болып шықты.

Өзімді батыр деп санамаймын. Менің орнымда кез келген адам осылай жасар еді, - деді Андрей.


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ТЖД Белгісіз қаһарман табылды