Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін Таразда 200 адам ереуілге шыққан

"Қазфосфат" зауытының қызметкерлерін басқарма басшысының дөрекілігі ашуландырған

Новости Казахстана / Бүгін Таразда 200 адам ереуілге шыққан
Фото:
әлеуметтік желіден

Қызметкерлерді мазалаған мәселелер қарастырылатын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы орын алған келеңсіздіктен кейін кәсіпорындағы басқарма басшысы жұмысынан босатылғаны туралы Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы хабарлаған.

Бүгін сағат 11.40 шамасында «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлері жиналып, ресейлік мамандарға қатысты наразылығын білдірді.

«Қазфосфат»ЖШС-на қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік болды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды. Жиналған қызметкерлердің саны 200-ді құрады, - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топтың құрылғаны белгілі болды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында.

Следующая →