Ұлытау облысының ресми шекарасы бекітілді
Үкімет Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы Қаулы қабылдады
![Новости Казахстана / Ұлытау облысының ресми шекарасы бекітілді Новости Казахстана / Ұлытау облысының ресми шекарасы бекітілді](/upload/iblock/188/lq13lopsc1w80kx10ri3ei6lmfmgneic/imgonline_com_ua_Resize_9lGHSsUEWL87S.jpg)
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз ортасындағы халыққа жолдауынан кейін Қазақстанда үш облыс құрылды: Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында – Абай облысы, Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде – Ұлытау, Алматы облысы аумағында Жетісу облысы.
Бүгін Ұлытау облысының шекарасы белгіленді.
Қаулы бойынша, Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалалары, сондай-ақ Жаңаарқа және Ұлытау аудандары Қарағанды облысының құрамынан шығарылды. Жалпы көлемі 18 миллион 893 мың 661 гектар жер Ұлытау облысының аймағына кіреді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.