Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Риддерде оқушылар қысқартылған кестемен оқи бастады

Бүгін қаладағы мектептер және балабақшалардың жұмысы қайта жанданды

Усть-Каменогорск и ВКО / Риддер / Риддерде оқушылар қысқартылған кестемен оқи бастады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Риддердегі ЖЭО жұмысы қалыпқа келтірілгенше мектептер мен балабақшалардың жұмысы тоқтатылған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйеніп.

Ал бүгіннен бастап оқу орындарындағы сабақтар 30 минутқа және үзіліс уақыты 5 минутқа дейін қысқартылды.

Риддердегі жылу электр орталығындағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Қазіргі уақытта станцияға агрегаттардың жұмысын реттеу үшін Өскемен және Согра жылу электр орталықтарының энергетиктері мен арнайы мамандары келді. Сондай-ақ, "Терезе" және "ВК Инвест Инжиниринг" кәсіпорындарының 30 маманы келді. Бүгінгі таңда жылу орталығында №1, №3 орташа қысымды қазандықтары мен №6 жоғары қысымды қазандық жұмыс істеуде. №4 (жоғары қысымды) қазандықты автоматтандыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жақын арада аталмыш агрегатты қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Қазір станцияда 260 тонна мазут бар. Бүгін тағы 5 жанармай вагоны келеді деп күтілуде. Жылу желісіндегі температура мөлшері 55/42, сыртқы ауа + 7°С (орташа тәуліктік температура +1).

Облыс басшысы қалада төтенше жағдай режимі сақталатынын мәлімдеді.

Мен басшылық етіп отырған жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіретін штаб тәулік бойы жұмыс істеуде, - деді ол.

Следующая →