ҚР-да бір тәулікте 15 адамнан КВИ анықталды
Өткен тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталып, 1 адам вирустан жазылды
Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE.
31 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 830 адам коронавирус инфекциясынан (–681+ және 149 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 77 пациент стационарда, 753 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Қазақстанда 10 842 957 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін, 10 604 927 адам II компонентін салдырды. Ревакцинацияланғандар саны – 5 609 347.