Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Риддер тұрғыны досына қарызын төлеуден құтылу мақсатында өзін қарақшылық шабуылдың құрбаны ретінде көрсеткен
30 жастағы жергілікті тұрғын Риддер қалалық полиция бөліміне оған қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы арызданған, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі ШҚР ПД-ға сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, түнде бетперде киген үш белгісіз адам оның үйіне кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, 3 820 000 теңге көлемінде ақшасын алып кеткен.
Аталған өтініш негізінде тәртіп сақшылары осы факті бойынша ҚР ҚК-ның 192-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.
Алайда арызданушымен әңгімелесу барысында оқиға басқаша өрбіді. Ер адам полицейлерге оған қатысты ешқандай қылмыс жасалмағанын, мұның бәрін ол өзінің танысына 950 000 теңге қарызды қайтарғысы келмегендіктен ойлап тапқанын мойындады, - делінген ШҚО ПД таратқан ақпаратта.
Енді ҚР ҚК-ның 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес "жәбірленуші" үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.