Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР-да 60 кәсіпорын қызметкерлерге 1,24 млрд теңге қарыз

Бұл соманың көп бөлігі Абай облысының кәсіпорындарының берешек

Новости Казахстана / ҚР-да 60 кәсіпорын қызметкерлерге  1,24 млрд теңге қарыз

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты.

Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың негізгі бағыттарының бірі – олардың біліктілігіне және еңбек шарттарына сай келетін еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету. Жалақы бойынша қарыз мәселелері министрліктің ерекше алаңдаушылығын туғызады. Биылғы 14 қазандағы жағдай бойынша республиканың 60 кәсіпорны жалақы бойынша 1 821 қызметкерге 1,24 млрд теңге сомасында қарыз. Жұмыскерлер алдындағы ең көп берешек Абай облысында – 218,7 млн теңге, Жетісу облысында – 22,9 млн теңге және Астана қаласында – 19,3 млн теңге, - деді Төлеген Оспанқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жергілікті еңбек инспекциясы органдарының көмегімен жалақы бойынша 4,1 млрд теңгеге жуық қарыз төленді, сол арқылы 16,4 мың қызметкердің құқықтары қорғалды.

Еңбек министрлігінің бастамасымен жалақы бойынша қарызды өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама беріледі. Нұсқаманың орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін ол жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындау үшін жіберіледі. Биыл 47 материал берілді, - деді Төлеген Оспанқұлов.

Следующая →