Биылғы күз жылы күндерімен қуантуда
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің шығысында күн жылы, ал батысына қарай суытады
Қазақстанның шығыс жартысына әлі де еуропалық антициклон ықпал етеді, сондықтан тұрғындар жылы ауа райын сезіне алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон елдің батысы мен солтүстік-батысына қарай жылжиды, күн бұлтты, жаңбырлы болады және температура біртіндеп төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз ауа температурасы 15-20, оңтүстікте 20-25 градус, ал батыста, солтүстік-батыста 20-25 градус жылы болады. Республиканың солтүстігінде ауа температурасының біртіндеп 6-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, - деп хабарлады синоптиктер.