ШҚО-ның Күршім ауданындағы өрт сөндірілді
Төрт күн бұрын басталған орман аумағындағы өрт 1300 гектарды шарпыған
Өрт сөндірушілер бүгін тілсіз жауды толықтай сөндіріп бітті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2022 жылғы 08 қазанда Күршім ауданының "Пугачев орманшылығы" аумағында және ауылдық округ жерлерінде басталған өрт 2022 жылғы 12 қазанда 1300 га алдын ала алаңда 13 сағат 45 минутта ауыздықталды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Өртті сөндіруге өрт сөндірушілер, ЖАО, орманшылардан құралған барлығы 260-тан астам адамы және 30-ға жуық техника бірлігі және ШҚО әкімдігінің "МИ-8" екі тікұшағы жұмылдырылды.
Таулы аймақ пен жел өрт сөндіру жұмыстарына кедергі келтірді. Десанттың өзі өрт орнына тікұшақпен жеткізілген болатын. Барлығы 14 рет көлемі 35 тонна су төгілді, десант күштерімен сөндіру үшін 8 тонна су жеткізілді.
Өрт сөндірушілер күн жылы болып тұрғандықтан құрғақ шөпті өртеуге мүлдем болмайтындығын, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.