ШҚО полицейлері ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды
Тарбағатай ауданының тұрғыны жайылымда жүрген 36 жылқысы ұрланғаны туралы полиция бөлімшесіне арызданған
Оқиға өткен айдың ортасында орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Дереу жедел тергеу тобы құрылып, оны Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері басқарған.
22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Зайсан ауданының аумағында ұрланған малдың бір бөлігі анықталған. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында аталған мал жем-шөп базасының аумағына уақытша орналастырылды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге 25 мал қайтарылды, - деп мәлімдеді Polisia.kz.
Сондай-ақ, Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан ұрланған мал табылды. Барлығы 47 мал тәркіленіпті.