Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ресейден Қазақстанға өте алмай тұрған ел азаматтарына жасыл дәліз ашылады

Соңғы күндері ресейліктердің Қазақстанға қарай ағылуы салдарынан өзіміздің жерлестер шекарада тұрып қалған

Новости Казахстана / Ресейден Қазақстанға өте алмай тұрған ел азаматтарына жасыл дәліз ашылады
Фото:
РФ-дағы ҚР елшілігінің ресми сайтынан

Енді оларға арнайы жол ашылмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ресейден Қазақстанға қарай өте алмай тұрған еліміздің азаматтары үшін "жасыл дәліз" ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.

Кеше ғана Ресей Федерациясындағы вице-прмьер әріптесіммен келіссөз жүргіздім. Өйткені шекараның арғы бетінен бері қарай өте алмай тұрған Қазақстан азаматтары да бар. Осы орайда азық-түлік тиелген көліктерге қатысты РФ жағымен уағдаластық жасалды. Бұл мәселе бойынша тиісті тәртіп енгізілмек, яғни бүгін екі елдің шекара қызметтері өзара келісіп, тиісті әрекеттер жасайды. Сондықтан біздің азаматтар мен азық-түлік тиелген көліктер үшін "жасыл дәлізді" қамтамасыз етуге тырысамыз, - деді Серік Жұманғарин Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына арналған аталған дәліз бүгін немесе ертең ашылады.

Ресей Үкіметі өздерінің шекарашыларына тиісті тапсырма берді. Біз де шекара қызметіне осы тәртіп жайында түсіндіреміз. Қазан айы басталғанға дейін бұл мәселе шешіледі, - деді министр.

Следующая →