Өскемен
облачно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +18°
$
484.37
+2.53
531.06
-0.27
¥
69.02
+0.36
5.05
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Балаларға манту орнына БЦЖ салған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбелік дәрігерлер 42 оқушыға манту орнына туберкулезге қарсы вакцина салып қойған

Новости Казахстана / Балаларға манту орнына БЦЖ салған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласы Алматы аудандық полиция бөлімі манту орнына вакцина салған медицина қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы" бабы бойынша іс қозғады. Қазіргі кезде қажетті медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу облыс прокурорының бақылауында болады, - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қателік кеткенін мойындап, ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізгенін айтқан. Жергілікті жерде бірден екі комиссия құрылды.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларына манту сынамасын жүргізбестен БЦЖ вакцинасын салу фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады.

Вакцинаны шатастырған медицина қызметкерлері бүгінде жұмыстан шеттетілген.

Следующая →