Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайлықтар барлық медициналық қызметті ауданнан шықпай-ақ алып отыр

Аудандық аурухана 30 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Аксуат (Тарбагатайский р-он) / Тарбағатайлықтар барлық медициналық қызметті ауданнан шықпай-ақ алып отыр
Фото:
редакция мұрағатынан

Соңғы жылдары ауылдық медицинаны дамытуға басты назар аударылуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландырудың көлемі артты.

Тарбағатай аудандың №2 ауруханасының ұжымы осы бағытта стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлемі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылығы нәтижесінде мүмкін болғанын алға тартады.

Ең алдымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.

Ал жүйенің бірден-бір артықшылығы – медициналық қызметке азаматтардың қалтасынан шығатын шығындарды қысқартады, клиника мен дәрігер таңдауға құқық беріледі, сақтандыру пакетінің сомасы шектелмеген және төленген жарна көлеміне бағынбайды. Сақтандыру пакетіне жоғары технологиялық операциялар да кіреді.

Осы айтылған тақырыпқа мысал ретінде біздің ауруханадан бүгін Зайсан ауданының тұрғыны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысып, дәрігерді және аурухананы еркін таңдау құқығын пайдаланып, осы аптада ауруханамыздың перзентхана бөлімінде өзінің төртінші сәбиін дүниеге әкеліп қуанышқа ие болып бүгін үйіне шығарылды. Анамызға бүлдіршіннің бауы берік болсын дегіміз келеді, - деп бөлісті аурухана бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Айта кетейік, қазіргі таңда аудандық аурухана 30 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетеді. Оның ішінде бес мыңнан астамы балалар. Аурухана жанындағы емханада халық алғашқы медико-санитариялық, кеңестік-диагностикалық, амбулаторлық, шұғыл және жоспарлы және профилактикалық тексерулердің барлық түріне ауданнан шықпай ақ алуға мүмкін болып отыр.

Следующая →