Өскемен
пасмурно
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    -2°
  • Шымкент
    -5°
$
515.02
-2.64
604.22
-2.27
¥
73.19
-0.33
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Білім берудегі мәселелер жайлы бірыңғай нөмірге хабарлауға болады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 1450 Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты

Новости Казахстана / Білім берудегі мәселелер жайлы бірыңғай нөмірге хабарлауға болады

Өңірлік білім басқармалары Бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.

Өңірлік білім басқармалары Бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылғандықтан жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі.

Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады. Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ, ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты, - деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Следующая →