Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

Кешеден бері Атырау қаласына таяу орналасқан Кеңөзек ауылдық округіне қарайтын Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықта қамыс өртеніп жатыр. Бұл – Каспий теңізінің жағалауы

Новости Казахстана / Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

Өртті сөндіруге тікұшақ тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 21 қыркүйекте таңертеңгі сағат 7.30-да тікұшақ өртті сөндіру үшін ұшып шыққан.

Каспий теңізінің жағалауында жанып жатқан қамыс өртін әуеден су шашу арқылы өшіруге шешім қабылданды. Оған су шашу құрылғысы бар «КазАвиаСпаз» АҚ-ның МИ-8 тік ұшағы тартылды. Әуеден барлау кезінде теңіз жағалауында қамыс өртінің екі ошағы анықталды. Екі өрт ошағының аумағы – 400х2 метр. Бұған қоса 1 гектар аумақта қамыс тұтанып, бықсып жатыр, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

МИ-8 тікұшағы экипжаның құрамында 5 адам бар. Тікұшақпен әуеден су шашу жұмысы басталды.

Каспий жағалауындағы қамыс өрті 14 қыркүйекте жергілікті сағатпен 20.40 шамасында тұтанды. Кеше, 20 қыркүйекте теңіз жағалауындағы өрттің аумағы 60 гектарға жетті.

Өртті сөндіруге тартылған жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігі батпаққа батып, өрт ошағында қалып қойды. Көлікте болған екі өрт сөндірушіге қауіп төнді. Сол себептен, өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге жедел эвакуацияланды. Жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігі жанып кетті. Ал кешкі сағат 19.40 шамасында от "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына жайылды, - деп мәлім еткен еді департамент.

Қазір облыстық облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды.


Следующая →